Күй аңызы

КЕҢЕС

«Кеңес» сөзінің күй атауына айналу себептерін бағзы замандардан іздейміз. Ғұндардың арғы ата- бабасы Шоң би заманынан бастап үш мың жылдық көшпелілер тарихында ру- тайпа көсемдерін кеңесте сайлаған. Ең маңызды мәселелерді кеңесіп отырып шешкен. Бұған Моде тәңір құтының «жүйрік аты» туралы аңызы, Түрік қағанаты көсемдерінің кеңестері, Қазақ хандарының кеңесі, «үш би кеңесі» атанған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би кеңесі т.б толып жатқан тарихи мәні зор кеңестер мысал болады.Көне күйлердің аттарын жайдан жай қоя салмайды. Оның төркінінде тарих ізі сайрап жатқанын көреміз. «Кеңес» деп аталатын күйлердің халық күйшілерінің жадында сақталған ондаған түрі кездеседі. Күйлердің нұсқалары бір- біріне ұқсамайды. Бұл күйлер сыбызғы мен домбырада көбірек тартылады.

Барлық өңірге тараған «Кеңес» деген күй топтамасының көптеген нұсқаларында күйді шығарушы, орындаушы ел ағасы билер, батырлар, хандар (Мөңке би, Абылай хан, Бейсембі би, Қожеке т.б) болып келеді. Бұл күй үлкен жиында, тарихи оқиғалардың шиеленіскен кезінде тартылған.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (01/02/2021)
Просмотров: 202 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: