ҚОҢЫР ҚАЗ ...Бұл күй негізінен қазіргі Жезқазған, Балқаш өңірінде ерекше мәшһүр болған. Күй батыр құс - қоңыр қаз жайында сыр шертеді. Қоңыр қаз басқа құстарға ұқсамайтын шетін мінезімен белгілі. Ол басқа құстардың барлығы жылы жаққа ұшып кеткенде жалғыз қалады. Осылайша қарашаның қарлы бораны соққанша өзінің жазғы мекенінде отыра береді. Боран соққанда қоңыр қаз дүрк көтеріліп, аспан көкке шығады да, жылы жаққа бет алады. Міне, осы кезде ғасырлар бойы қалыптасқан сұрыпталу заңы бойынша әлсіз тұқымдардың барлығы дерлік қырылып кетеді де, аталыққа күшті тұқымдар ғана қалады. Күй өмірін күрес үстінде өткізетін қайсар, ер құстың атына айтылған мадақ жыр іспетті.. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 206 | |
Всего комментариев: 0 | |