Күй аңызы

ЗАР ҚОСБАСАР

Күйші Мәді Шәутиев 1928 жылдары көзден айырылған шағында, әкесі Шалқы мен анасы Маржанға осы күйді арнайды. Ерте қайтқан әкесі мен шешесіне өз басындағы ауыр қайғыны сыр етіп тартады. Жүрегінен жарып шыққан осы бір зарлы күйді «Зар қосбасар» деп ат қойып, ардақтап тартады.

Бұл күй туралы екінші дерек те бар:

Қа­ратаудың сілеміндегі екі тау өзені­нің арасына орналасқан шырайлы ме­кен Ақтоғай аулына қоныс ауда­рып, Ұлтай деген келіншекпен ота­сып, бір шаңырақ астында 25 жыл ғұмыр кешеді. Бірақ, Игіліктегі ағайын­дары қолқалап Мәдіні туған ау­лына кері оралтады, қалған өмі­рі сол ауылда өтеді. Жұбайы Ұл­тай Ақтоғайда қалып қояды да ол екін­ші рет Кәрима деген әйелге үй­ле­ніп, одан Гүлзипа және Тұрсын де­ген екі қыз дүниеге келіпті. Тұң­ғы­шы Гүлзипа 13 жасында аққан (лейкоз) ауруына душар болып, көп ұзамай сол дерттен көз жұмыпты. Бұл қасірет сазгерді қамықтырып, санасына жүк артып, жүрегін жа­ралап, ауыр мұңға бөлейді. Сөйтіп, сүйік­ті қызының қазасы күйші-термешінің «Зар қосбасар» күйінің шығуына себеп болады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (14/12/2020)
Просмотров: 194 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: