ҚАРҚАРАУ Халық композиторы - Қожамжарұлы Бапыштың тарихи мазмұнда шығарған күйі. Төлеген Момбековтің айтуынша, жаугершілік заманда Қарқара жайлауында қалған жетім қыз бен оның анасының зарлағаны бейнеленеді. Осы күйдің көне әңгімесі домбыра шанағынан ақтарыла келіп, «Үш Қарқара, Көктөбе, енді бізге жоқ төбе» деген халық өлеңімен өріледі. Күйге аты негіз болған атақты Қарқара жайлауы ертеде қалмаққа қараған екен дейді. Кейін оны қазақ алған. Сонда жерін қимай жылаған қалмақтың жыры еді деген аңыз бар. Атақты Райымбек батыр туралы хикаяда Қарқара жайлауындағы сұрапыл соғыс туралы тарихи деректер кездеседі. Райымбектің қолы жауды қуғанда қалмақтар туған жерін қимай мынадай жыр айтыпты деседі: Қазақ-қалмақ соғысы, шапқыншылық, тартысқа түскен Қарқара жайлауы туралы дерек Бұқар жыраудың өлеңінде де бар: Яғни, бұл күйді жеткізуші Бапыш болғанмен, оның аңызы әріректе. Төлеген күйді атасынан үйренген, солай бола тұрса да, ол өз жанынан жаңаша көркем ой, керім шертіс қосып түрлендіре орындағаны аңғарылады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 232 | |
Всего комментариев: 0 | |