САЛЫҚ ӨЛГЕН ...бірде Баламайсаң (күйші) үлкейген шағында жанында замандасы бар «бұл неткен дарынды бала» деп 17 жасар Құрманғазыны «Сарыкөл-Самар» деген жерге арнайы іздеп келеді. Шамасы жс күйшінің атағы шыға бастаған шағы болу керек. Таныстықтан соң Құрманғазы өзі отырған жер атауымен «Сарыкөл-Самар» деген үкй шығарып, тартып беріпті.
ШЫМЫРАУЫЛ ҚҰС Шымырауыл аңғал құс екен. Даладан тауып алған қарақұстың жұмыртқасын өзінің жұмыртқаларына қоса басып шығарып, балапандарымен бірге асырайды. Қарақұстың тойымсыз балапаны жиде жемістерді місе тұтпай, бірде қызыл ет сұрап, шешесіне тап беріпті. Жыртқыштан әрең құтылған шымырауыл: «Жидек бердім жемедің, жеміс бердім жемедің, мені анам демедің» деп күйініпті. Осы аңызды Қазанғап домбыра сазына салып, күй тілімен сөйлеткен.
ҚОСБАСАР, 2-ТҮРІ Қаршыға Ахмедияровтың күйі. Қызы АҚШ-та скрипкашы ретінде симфониялық оркестрде қызмет істеп жүргенде, әкесінің Қазақстанда отырып сағыныштан туған күйі. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 254 | |
Всего комментариев: 0 | |