Әйелдер иіс суды қалайша қолдану керек?
Мәселен, өз үй ішінде отбасы мүшелерінің алдында қолданса болады. Ал көшеге яки қонаққа барарда, мешітте және бөтен еркектер болған орындарда мүңкітіп иіс су қолдану өзгелердің назарын өзіне аудартқандықтан рұқсат етілмейді. Тіпті еркектердің көңілін мазалауға жол ашуы мүмкін.
Сахаба Әнәс бин Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Маған дүниеде үш нәрсе ерекше сүйкімді: әйел, хош иіс және көзімнің нұры болған намаз» (Ахмад ибн Ханбал 3/128).
Тағы бір хадисінде: «Төрт нәрсе Пайғамбардың сүннетінен. Олар: ұялу, иіс су қолдану, тазалық сақтау және үйлену» (Тирмизи, Никах 1) деген.
Ислам – тазалық діні. Исламның негізгі мақсаты – ластықтан тазалау. Сондықтан, әйел болсын ер болсын талап барлығына бірдей. Алайда, әйел кісілерге тән мәселелерде Ислам өзіндік жүйе қалыптастырған. Соның бірі тақырыбымызға арқау болып отырған әйелдерге қатысты иіс су мәселесі. Айталық, әйелдерге иіс су қолдануға әлдебір кедергі жоқ. Бірақ, шариғат шеңберінің сызығынан шықпаған жағдайда.
Мәселен, өз үй ішінде отбасы мүшелерінің алдында қолданса болады. Ал көшеге яки қонаққа барарда, мешітте және бөтен еркектер болған орындарда мүңкітіп иіс су қолдану өзгелердің назарын өзіне аудартқандықтан рұқсат етілмейді. Тіпті еркектердің көңілін мазалауға жол ашуы мүмкін.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Бір әйел иіс су қолданып сыртқа шықса және қолданған иіс суының иісін әркім білсін деп көпшілік болған жерден өтсе, зинаға қарай адым аттағаны» (Тирмизи, Әдеп 35) деп ескерткен болса тағы бір хадисінде: «Бір әйел иіс су қолданған болса, құптан намазында бізбен бірге болмасын» (Муслим, Салат 143) деген. Бұл хадисте құптан намазына деп ескертуі, әйелдердің кешке шыққан жағдайдың өзінде өте мұқият болу керек екендіктерін айтса керек.
Сөз соңын қысқаша түйіндер болсақ қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамда (ортада) қыз-келіншектеріміз иіс суды қалайша қолданып жүр екен? Көрер көзге ме яки қымбат бағалысына ма, жоқ әлде өзгені өздеріне жалтақтату үшін бе?..
|
Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/09/2010) |
Просмотров: 1135 |
| Рейтинг: 0.0/0 |