АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 96. Әл-Бақи / Мәңгі қалушы «Тек ұлылық пен жомарттықтың Иесі – Раббыңның дидары ғана қалады» (Рахман, 27). Кімде-кім осы көркем есімді бейсенбіден жұмаға қаоаған түні шынайы ықылас-ниетімен 1000 мәрте қайталаса, иншалла, барлық қауіп-қатерден, қиындықтардан аман болып, Алланың құзырында ізгі істері қабыл болады.
97. Әл-Уарис / Мирасқор «Әрі Біз Мирасқор болдық» (Қасас, 58). Кімде-кім күн шықпастан бұрын осы көркем есімді 100 мәрте қайталайтын болса, иншалла, қайғы-қасіреттен, таршылықтан, тағы басқа да тауқыметтерден аман-сау болады. Сондай-ақ, бұл есімді көп қайталау мұқтаждық пен мазасыздықтан құтқарады.
98. Ар-Рашид / Туралыққа Нұсқаушы «Бұрын Біз ибраһимге тура нұсқау берген болатынбыз» (Әнбия, 51). Кімде-кім ойға алған ісін жүзеге асырудың жолын таппаса немесе оны жоспарлауды білмесе, осы көркем есімді ақшам мен құптан намаздарының арасында 1000 мәрте қайталасын. Сонда, Алла қаласа, оның ісі алға басады.
99. Ас-Сабур / Аса сабырлы «Аллаға және Оның елшісіне мойынсұныңдар және таласпаңдар, өйтсеңдер сәтсіздікке ұшырап, күш-қуаттарың кетеді. Сабыр етіңдер, расында Алла сабырлыларды жақсы көреді» (Әнфал, 46). Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Құлақпен естіген жәбірге Алладан асқан сабырлы ешкім не еш нәрсе жоқ. Олар (кәпірлер) Оған бала телиді, ал Ол соған қарамастан оларды есен қылып, ризықтандырумен болады». (Бұхари риуаят еткен хадис) Осы көркем есімді күн шыққанға дейін 100 мәрте қайталаған жан сол күні түрлі жамандықтан аман-сау болады, оның дұшпандары оған ештеңе де істей алмайды, иншалла. Сондай-ақ, осы көркем есімді ахуалдың жақсаруы үшін 1020 мәрте қайталаған жөн. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | |
| Всего комментариев: 0 | |
