Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

92. Әл-Нафиъ / Пайда беруші

«Мен тек Алла қаламаса өзіме бір пайда да, зиян да келтіре алмаймын деп айт» (Ағраф, 188).

Бұл көркем есімді кемеге немесе басқа да көлік құралдарына отырардан бұрын көп қайталаса, иншалла, түрлі бәле-жаладан, апаттан аман-сау болады. Сондай-ақ, осы есімді ізгі істің басында 41 мәрте қайталаса, иншалла, ол іс жүзеге асады. Сонымен бірге, жүкті әйел баласын туардан алдында осы есімді көп қайталаса, Алла қаласа, туылған нәресте тілалғыш әрі тақуа ұрпақ болады.

 

93. Ән-Нур / Нұр, Нұрландырушы

«Алла – көктер мен жердің нұрландырушысы» (Нұр, 35).

Осы көркем есімді Нұр сүресін оқыған соң 1001 мәрте қайталаса немесе осы есімді көп мәрте қайталап жүрсе, иншалла, ол адамның жүрегіне нұр орнайды. Ал егер оңаша түрде екі рәкағат намаз оқып, осы көркем есімді 7 мәрте қайталаса, иншалла, ол адамның жоғалған не ұрланған заты қайта оралады.

 

94. Әл-Һәди / Туралыққа бастаушы

«Шындығында Алла – иман келтірушілерді тура жолға бастаушы» (Хаж, 54).

Кімде-кім екі қолын жоғары көтеріп, аспанға қарап, осы көркем есімді көп қайталаса, иншалла, оның иманы нығайып, тақуалығы артады., Алла оны тура жолға бастайды. Сондай-ақ, осы есімді көп қайталау рухани танымға жетелейді.

 

95. Әл-Бәдиһ / Көркем Жаратушы

«(Алла) көктер мен жерді көркем жаратушысы. Егер бір істі қаласа, бар болғаны «бол» дейді де ол болады» (Бақара, 117).

Кімде-кім «Ия, Бәдииһә-сәмәәуәәти уал-ард!» («Уа, көктер мен жерді көркем жаратушы!») деп 1000 мәрте қайталаса, иншалла, оның бойындағы қайғы-қасіреттен ештеңе де қалмайды, егер қайтыс болса, иманмен қайтады. Бұл дұғаны ақшам мен құптан намаздарының арасында айтқан абзал.

Сондай-ақ, кімде-кім бір тәуекелді іске бел буып, оның жүзеге асуына күмәнді болса, осы көркем есімді ұйқыға жатардан алдында көп мәрте қайталасын. Иншалла, сол кезде оның ісі оңға басып, күдігі сейіледі.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/06/2026)
Просмотров: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: