Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

88. Әл-Ғани / Бай, Жеткілікті, Беймұқтаж

«Алла – Бай, ал сендер Оған - мұқтажсыңдар» (Мұхаммед, 38).

Осы көркем есімді күнде 70 мәртеден қайталаған жанға Алла тағала құт-береке сыйлайды. Сондай-ақ, бұл есімді көп мәрте қайталап, науқас адамға үрлесе, иншалла, ауруынан айығады.

 

89. Әл-Муғни / Байытушы

«Әрі байытқан да, қанағаттандырған да – Ол» (Нәжім, 48).

Бұл көркем есімді 1111 рет қайталап, одан кейін намазда оқылатын Пайғамбарға (с.а.с.) салауатты 11 рет оқыған адамға рухани бақуаттылық беріледі.

 

90. Әл-Маниъ / Тыйым салушы, Тоқтатушы

Пайғамбар (с.а.с.): «Уа, Алла! Сенің бергеніңе тыйым салушы жоқ һәм Сенің тыйым салғаныңды беруші жоқ», - деп дұға қылған. Бұхари риуаят еткен хадис.

Осы көркем есімді төсегінде жатып 20 мәрте қайталаған адамның жұбайымен қарым-қатынасы жақсарып, арадағы кикілжің жойылады, сүйіспеншілік пен махаббат орнайды. Сонымен бірге осы көркем есімді көп қайталаған жан түрлі жамандықтан аман болады. Бұл есімді ізгі істердің жүзеге асыру үшін көп мәрте қайталау қажет.

 

91. Ад-Дарр / Зиянды беруші

«Мен тек Алла қаламаса өзіме бір пайда да, зиян да келтіре алмаймын деп айт» (Ағраф, 188).

Рухани және тәни қауіпсіздік үшін осы көркем есімді жұмаға қараған түні 100 мәрте қайталамақ ләзім. Мұны көп оқу адамның рухани байлығын байытып, оны Аллаға жақындата түседі.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/05/2026)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: