АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 85. Зул-жәләли уал-икрам / Ұлылық пен Жомарттықтың Иесі «ұлылық пен жомарттықтың Иесі – Раббыңның есімін ұлықта» (Рахман, 78). Осы көркем есімді көп қайталанған пендесіне Алла Тағала абырой, құрмет және тәуелсіздік береді, иншалла.
86. Әл-Муқсит / Әділетті «Раббым әділдікке бұйырды де» (Ағраф, 29). Осы көркем есімді көп қайталаған адам шайтанның азғыруымен келетін күмән мен күдіктің барлық түрінен аулақтайды. Ізгі істі жүзеге асыру үшін осы есімді 700 мәрте қайталау керек.
87. Әл-Жамиъ / Жинаушы «Раббымыз! Расында Сен шүбәсіз болатын күні адамдарды Жинаушысың» (Әли Имран, 9). Түрлі жағдайлардың – соғыс, апаттардың салдарынан бір-бірлерінен алыстап, жырақта қалып, ажырап қалған туыстары табыстыру үшін толық дәрет алып, сәске (дұха) намазын оқыған соң екі қолды жоғары көтеріп, осы көркем есімді 10 мәрте қайталау керек. Сондай-ақ, жоғалып кеткен адамды не затты табу үшін мына дұғаны оқымақ ләзім. «Аллаһумма ия, Джәәмиъән-нәәси лийәумил-ләә райбә фииһи, иджмәъ даалләтии». Мағынасы: «Уа, Алла! Адамдарды шүбәсіз болатұғын күнге – Қиямет күніне бірін қалдырмай Жинаушы» менің жоғалтқанымды әкеле гөр!» баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 7 | |
| Всего комментариев: 0 | |
