Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

82. Әл-Афуу / Ғафу етуші, Кешіруші

«Шындығында Алла Ғафу етуші әрі Кешірімді» (Ниса, 43).

Бұл көркем есімді көп қайталаған жанның Алла Тағала күнә-қателіктерін кешіріп, жарылқайды. Оны көп қайталаған соң мына дұғаны оқымақ ләзім: «Аллаһумма иннәкә Афуун, тухиббул-афуа, фаъфу ъанни»». Мағынасы: «Уа, Алла! Расында сен Кешірушісің әрі кешіргенді жақсы көресің, мені кешіре гөр!»

 

83. Ар-Раууф / Мейірбан

«Шындығында Раббыларың Мейірбан әрі ерекше мейірімді» (Нахыл, 7).

Өзінің нәпсісінің кесапаттарымен күресіп, оны жеңгісі келген жан намаздағы отырыста оқылатын Пайғамбарға (с.а.с.) арналған салауаттарды 10 мәрте оқып, сосын осы көркем есімді 10 мәрте қайталауы керек. Иншалла, содан кейін оның бойында тыныштық орнап, нәпсісі сынады. Сондай-ақ, осы көркем есімді көп қайталаушы жанға барлық жаратылыс сүйіспеншілікпен қарайтын болады, Алладан жарылқау болады һәм қатал басшымен қарым-қатынасты жақсартады.

 

84. Мәликул-мулк / Патшалықтардың, Биліктің Патшасы, Иесі

«Уа, Алла! Биліктің Иесі!..» (Әли Имран, 26).

Бұл көркем есімді көп қайталаған жанға байлық пен бақуаттылық беріліп, тәуелділіктен құтылады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (12/05/2026)
Просмотров: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: