АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 79. Әл-Барр / Ізгі, күллі игіліктің, жомарттықтың Иесі «Расында Ол – Ізгі әрі ерекше мейірімді» (Тұр, 28). Осы көркем есімді күнделікті 7 мәртеден қайталап жүрген жан, иншалла, арақ ішуден, жеңіл жүрістен және тағы басқа да күнәлардан қорғалынады. Сондай-ақ, осы көркем есімді 7 мәртеден қайталап жүрген жанның дүниеге шектен тыс құмарлығы жойылады, ал оны оқып болған соң жаңа туылған нәрсетеге дем салса, ол жамандықтан аман болады, иншалла.
80. Әт-Тәууәб / Тәубені тез қабыл алушы «...Расында Ол – тәубені тез қабыл алушы әрі ерекше мейірімді» (Бақара, 37). Осы көркем есімді көп мәрте қайталау арқылы, иншалла, алға қойған мақсаттар орындалады. Ал кімде-кім өзін жәбірлеген адамның қасында тұрып осы есімді ішінен 10 мәрте қайталаса, иншалла, жәбірлеушінің жәбірінен аман болады. Сондай-ақ, осы көркем есімді күніне дұха намазынан кейін 360 мәрте қайталап жүрген жанды Алла Тағала шынайы тәубенің жолына салады.
81. Әл-Мунтәқим / Кек қайтарушы «Расында Алла Даңқты әрі кектің Иесі» (Ибраһим, 47). Кімде-кім зорлық-зомбылыққа, жәбірлеуге душар болып, қиянат көрсе, осы көркем есімді үш жұма бойы (жұма күндері) қайталасын. Сонда, Алла қаласа, әділеттілік орнайды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | |
| Всего комментариев: 0 | |
