АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 76. Әл-Батин / Жасырын, Барлық нәрсені қамтушы «Ол – Ең бірінші әрі Ең соңғы, Жоғары тұрушы әрі Жақын тұрушы...» (Хадид, 3). Бұл көркем есімді күніне 33 мәртеден қайталаған жанның жүрегі Аллаға деген махаббатқа толып, иншалла, кереметтерге жетеді. Сондай-ақ осы көркем есімді қосып былайша дұға қылған жанның тілегі қабыл болады: «Һуал-Әууәлу, уал-ахиру, уаз-Заһиру, уал-Батыйну, уа һуа ъәлә кулли шәйин қадир».
77. Әл-Уаали / Әмірші «Егер Алла бір қауымға жамандық қаласа оны ештеңе де қайтара алмайды. Әрі олар үшін Одан басқа Әмірші жоқ» (Рағыд, 11). Бұл көркем есімді 99 мәртеден қайталап жүретін жан түрлі бәле-жаладан, апаттардан, тауқыметтерден қорғанылады. Ал кім осы көркем есімді көп мәрте қайталап, үйдің бұрышына үрлесе, иншалла, сол үй жамандықтардан аман болады. Дұшпанды жеңу үшін онымен кездесуден бұрын осы есімді 11 мәрте қайталау керек.
78. Әл-Мутәъәли / Бәрінен Биік «Ол (Алла) ғайыпты да, жарияны да білуші, Аса зор әрі бәрінен Биік» (Рағыд, 9). Осы көркем есімді көп қайталау арқылы, Алла қаласа, барлық мәселелердің шешімі табылады. Сондай-ақ, жоғалған күш-жігер мен абырой қалпына келеді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 14 | |
| Всего комментариев: 0 | |
