АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 70. Әл-Муқтадир / Бәріне құдіретті «Расында Алла барлық нәрсеге Құдіретті» (Кәһф, 45). Ұйқыдан тұра салысымен осы көркем есімді 20 мәрте немесе одан көп рет қайталау алға қойған жоспарлардың жеңіл түрде орындалуына себеп болады. Ал бұл есімді көп мәрте қайталап жүру ақиқатқа жетуге жәрдем болады.
71. Әл-Муқаддим / Алға шығарушы Алланың елшісінің (с.а.с.) дұғаларының бірі мынадай: «Уа, Алла! Менің бұрынғы әрі кейінгі, жасырын әрі жария күнәларымды, ысырап еткенімді, Өзіңнің менен білетіндеріңді кешіре гөр! Расында Сен Алға шығарушысың һәм Артқа қоюшысың, Сенен басқа құдай жоқ». (Мүслім риуаят еткен хадис) Осы көркем есімді дәйім айтып жүрудің дағдыға айналдырған адамға Алла Тағала батылдықты, айбындықты сыйлап, дұшпандарынан сақтайды. Сондай-ақ, бұл есімді көп қайталаған жан тілалғыш әрі тәртіпті болады.
72. Әл-Му’аххир / Артқа қоюшы «Менің бұрынғы әрі кейінгі, жасырын әрі жария күнәларымды кешіре гөр! Расында Сен Алға шығарушысың һәм Артқа қоюшысың, Сенен басқа құдай жоқ. Өзіңнен өзге құда жоқ», - дейтін болған. (Бұхари риуаят еткен хадис) Рухани жақтан жетілуді қалаған жан үшін осы көркем есімді күніне 100 мәртеден қайталауды әдетке айналдыру керек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 13 | |
| Всего комментариев: 0 | |
