Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

67. Әл-Уахид / Жалғыз, Біреу

«(Уа, Мұхаммед! Сен оларға) Расында мен бар болғаны ескертушімін. Жалғыз әрі Өктем Алладан басқа құдай да жоқ деп айт» (Сад, 65).

Осы көркем есімді күніне 1000 мәрте қайталаған жанның пәни дүниеге деген шектен тыс құмарлығы және одан қорқынышы жойылады. Сонымен бірге күніне «Иә, Ахад!» деп 1000 мәрте оңаша қайталаған адамның тілеуі, иншалла, қабыл болады. Алла тағала ондай жанға тыныштық беріп, кереметтерін көрсетеді.

 

68. Ас-Самад / Мұқтажсыз, Мұңсыз

«Алла Мұңсыз» (Ықылас, 2).і

Таң намазының уақытынан бұрын нәпіл намазда сәждеде жатып, осы көркем есімді 115 мәрте қайталаған жанға әділдік пен шынайылық беріледі. Ал осы есімді дәретті күйде көп қайталаса, иншалла, дүние тіршілігіне деген тәуелділік жойылады.

 

69. Әл-Қадир / Құдіретті, Өлшеуші

«Біз оның тағдырын белгіледік. Неткен құдіретті, дәл өлшеушіміз!» (Мүрсәләт, 23).

Кімде-кім екі рәкағат нпіл намазын оқыған соң осы көркем есімді 100 мәрте қайталаса, иншалла, дұшпандарына қарсы жеңіске жетеді. Қиын іске тап болғанда 41 рет қайталаса, ол ісі оңтайланады. Сондай-ақ, осы көркем есімді көп қайталап жүру арман-тілектердің орындалуына сеп болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (07/04/2026)
Просмотров: 14 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: