АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 64. Әл-Қаййум / Жаратылыстың істерін басқарушы, Өздігінен Тұрушы «Алладан басқа құдай жоқ, Ол – Мәңгі тірі, Өздігінен тұрушы» (Әли Имран, 2). Осы көркем есімді шын ықыласымен көп мәрте қайталаған адамға Алла Тағала құрмет пен байлықты сыйлап, түрлі қауіп-қатерден сақтайды. Ал таң намазынан кейін күн шыққанша үздіксіз «Ия, Хаййу! Ия, Қаййум!» деп қайталау арқылы жалқаулықты, керенаулықты, салғырттықты кетіруге болады.
65. Әл-Уажид / Табушы, Бар қылдырушы, Бай Осы есімді тамақтану кезінде көп қайталаған жанның тамағы оған күш-қуат пен нұр береді. Сонымен бірге осы көркем есімді жанның тынышталуы мен көңіл-күйді жақсарту үшін көп мәрте қайталау керек.
66. Әл-Мәжид / Игілікті, Даңқты «Алладан басқа құдай жоқ, Ол – Мәңгі тірі, Өздігінен тұрушы» (Әли Имран, 2). Осы бір көркем есімді шын ықыласпен көп мәрте қайталау, иманның күшеюіне себеп болады, иншалла баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | |
| Всего комментариев: 0 | |
