АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 61. Әл-Мухи / Тірілтуші «Оны (жерді) тірілткен (Алла) өлілерді де тірілтеді» (Фұссилат, 39). Осы көркем есімді шынайы түрде көп мәрте қайталап, науқас адамға дем салса, Алла қаласа, оны ауруынан айықтырады. Сондай-ақ, мінез-құлықты жақсарту үшін осы көркем есімді көп рет қайталап, қолына дем салып, онымен денесін сипау керек.
62. Әл-Мумит / Өлтіруші Кімде-кім өзін басқара алмай, не ұйқысыздықтан қиналса, қолын кеудесіне қойып, осы көркем есімді қашан ұйықтағанша көп мәрте қайталай беру керек. Сонда оның бойына күш-жігер бітеді. Бұл есімді сондай-ақ ақыреттің азаптарынан сақтану үшін де көп қайталауға болады.
63. Әл-Хайй / Мәңгі Тірі «Алладан басқа құдай жоқ, Ол – Мәңгі тірі, Өздігінен тұрушы» (Әли Имран, 2). Денсаулығының мықты болуын тілеген жан осы көркем есімді күніне 3000 мәрте қайталасын. Сондай-ақ, қандай да бір аурудан емделу үшін осы есімді хош иісті микспен немесе раушан гүлімен түстес сумен бір қағазға жазып, оны суға езген соң сол суды науқасқа беру керек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | |
| Всего комментариев: 0 | |
