Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

58. Әл-Мухси / Бәрін есептеуші

«Ол күні Алла олардың барлығын тірілтіп, істеген нәрселерінен хабар береді. Алла оның бәрін есептеген, ал олар ұмытқан-ды. Расында Алла әрбір нәрсеге куәгер» (Мүжәдәлә, 7).

Осы көркем есімді күніне 20 реттен қайталап, жейтін асына 20 рет дем салған адамға, иншалла, барлық жан жәрдемші болады.

 

59. Әл-Мубди / Бастаушы

Жұбайының түсік тастамауы не мезгілінен бұрын босанбауы үшін күйеуі таң намазынан алдыңғы сәресі уақытында оның ішінің үстіне қолын қойып, осы көркем есімді шынайы ықыласпен 99 мәрте қайталаса, иншалла, еш қауіп орын алмайды.

 

60. Әл-Муғид / Қайтарушы

«Расында Ол бастайды әрі қайтарады» (Буруж, 13).

Егер бір адам жоғалып кетсе, үйдегі кісілер ұйықтап жатқанда осы көркем есімді шын ықыласпен 70 мәрте қайталап, үйдің бұрыштарына дем салу керек. Сонда, иншалла, 7 күн ішінде жоғалған адам қайтып оралады немесе одан бір хабар болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/03/2026)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: