Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

55. Әл-Мәтин / Өте Берік, Мықты

«Шындығында Алла ол – Ризықтандырушы, күш-қуаттың Мықты Иесі» (зәрият, 58).

Осы көркем есімді көп қайталаған адам басына тап болған бәле-жалалардан құтылады. Сонымен бірге кеудесінен сүт шықпаған келіншек, осы көркем есім жазылған парақ саланып, езілген суды ішсе, иншалла, кеудесіне сүт келеді.

 

56. Әл-Уалий / Дос, Жанашыр

«Алла – иман келтіргендердің Жанашыры» (Бақара, 257).

Осы көркем есімді көп қайталаған жанның рухани байлығы, тақуалығы артады. Ал кімнің жұбайының мінез-құлқы нашар болса, оның қасында отырған кезде осы көркем есімді көп рет қайталау керек. Алла қаласа, мінез-құлқы жақсарады.

 

57. Әл-Хамид / Мақтаулы

«Алланың Бай һәм Мақтаулы екендігін біліңдер» (Бақара, 267).

Осы көркем есімді 45 күн бойы оңаша күйде 93 мәртеден қайталаған жанның жаман әдеттері жақсы әдеттерге алмасады. Сондай-ақ, бұл есімді көп қайталаушы адам сүйкімді әрі құрметті жанға айналады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (24/02/2026)
Просмотров: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: