Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

52. Әл-Хаққ / Ақиқат, Хақ, Хақиқи

«Патша әрі Хақ Алла бәрінен биік» (Мүминун, 116).

Егер бір кісінің туысы жоғалып кетсе, не ұрланғанда осы көркем есімді төртбұрышты қағаздың төрт бұрышына жазып, таң намазын оқудан бұрын сол қағазды алақанына қойып, дұға-тілегін оқыса, иншалла, жоғалған адам не зат қайтып келеді.

 

53. Әл-Уакил / Қамқор, уәкілдік етуші, Өкіл

«Алла әрбір нәрсенің Жаратушысы әрі Ол әрбір нәрсенің Өкілі, қамқоры» (Зүмәр, 62).

Кімде-кім қауіп-қатерден, бақытсыздықтан қорықса, осы көркем есімді көп мәрте қайталасын. Сонда Алла қаласа қауіпсіз болады. Сондай-ақ, су, өрт сияқты тілсіз жаудан сескенген жан да осы есімді көп рет қайталаса, амандықта болады, иншалла.

 

54. Әл-Қауий / Қуатты, Күшті

«Шындығында Раббың Ол – Күшті әрі Үстем» (Һуд, 66).

Залымдар тарапынан сүргінге, жәбірге душар болған жан осы көркем есімді көп мәрте қайталаса, Құдай қаласа, дұшпаны жеңіліп, жағдайы жақсарады. Алайда бұл тәсілді тек шарасыз жағдайларда ғана қолдануы шарт.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (17/02/2026)
Просмотров: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: