Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

49. Әл-Мәжид / Даңқты, абырой Иесі

«Ол (Алла) – аршының даңқты Иесі» (Буруж, 15).

Кімде-кім науқастанып қалса, мұсылман күнтізбесі бойынша айдың 13, 14, 15 күндері (яғни, айдың толысқан күндері) ораза тұтып, ауызашарда осы көркем есімді көп мәрте қайталап, суға үрлеп, сол сумен аузын ашса, иншалла, ауруынан айығады. Ал бұл есімді дәйім айтып жүруді әдетке айналдырған пенде басқалар тарапынан сый-құрметке ие болады.

 

50. Әл-Баъис / Қайта Тірілтуші

«Ол күні Алла олардың барлығын тірілтіп, істеген нәрселерінен хабар береді» (Мүжәдәлә, 7).

Кімде-кім ұйқыға жатуан бұрын қолын кеудесіне қойып, осы көркем есімді 100 немесе 101 мәрте қайталаса, оның жүрегі хикмет пен нұрға толады. Бұл есімді тақуалықты күшейту үшін де қайталауға болады.

 

51. Әш-Шәһид / Куәгер, барлық нәрсеге куә болушы

«Расында Алла әрбір нәрсеге куәгер» (Хаж, 17).

Егер жұбайы немесе балалар айтқанға көнбейтін болғанда күйеуі не әкесі оның маңдайына қолын қойып, осы көркем есімді 21 мәрте қайталап, оған дем салса, иншалла, мінез-құлқы, қылығы жақсаратын болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (10/02/2026)
Просмотров: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: