АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 46. Әл-Уасиъ / Кеңпейілді, Бәрін қамтушы «Расында Алла өте кең әрі аса дана» (Ниса, 130). Рухани жақтан жетілуге, материалдық жақтан дербестікке ұмтылған адам осы көркем есімді көп мәрте оқып жүрсе, иншалла, мұратына жетеді. Сондай-ақ, таршылыққа тап болып, табыс таба алмаған адам осы көркем есімді дәйім қайталап жүрсе, иншалла, табысқа кенеледі.
47. Әл-Хаким / Дана, хикмет Иесі «Ол (Алла) – Дана һәм бәрінен Хабардар» (Әнғам, 18). Осы көркем есімді көп мәрте қайталауды әдетке айналдырған жанға Алла Тағала білім мен хикметтің есігін ашады.
48. Әл-Уадуд / Сүюші, Сүйікті «Әрі Ол (Алла) – Кешірімді һәм Сүюші» (Буруж, 14). Кімде-кім Алланың осы бір көркем есімін 1000 мәрте қайталап, жұбайы екеуі ішетін тамаққа үрлеп, сосын оны жұбайы екеуі жесе, олардың арасындағы дүрдараздық жоғалып, сүйіспеншілік орнайды, иншалла. Ал ренжіскен жандардың арасын жарастыру үшін дастархан дайындап, ондағы тағамға қарап, осы көркем есімді 1001 рет қайталау қажет. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 12 | |
| Всего комментариев: 0 | |
