Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

40. Әл-Муқит / Қорек беруші, пенделердің қажеттіліктерін меңгеруші, құдіретті

«Алла барлық нәрсеге қорек беруші» (Ниса, 85).

Осы көркем есімді көп қайталап жүрген жанның дұғасы қабыл болып, таршылықтан азат болады, иншалла.

 

41. Әл-Хасиб / Есептеуші

«Шындығында Алла барлық нәрсені Есептеуші» (Ниса, 86).

Кімде-кім бір нәрседен қауіптенсе осы көркем есімді бейсенбіден бастап 7 күн бойы таңертең және кешке 70 мәртеден қайталасын, 71-іншісінде «Хасбиаллааһул-Хасииб» («Әрбір нәрсені есепке алатын Алла маған (қорған, пана, жәрдемші болуға) жеткілікті») деп айтын. Сонда оны, Алла қаласа, қауіп-қатерден, жамандықтан құтқарады.

 

42. Әл-Жәлил / Аса ұлық, аса мәртебелі

«Ұлылық пен жомарттықтың иесі Раббыңның есімін ұлықта» (Рахман, 78).

Осы көркем есімді қағазға не матаға жазып сақтаған пендені, Алла қаласа, сый-құрметке бөлейді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (19/01/2026)
Просмотров: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: