Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

37. Әл-Алий / Бәрінен Биік, Асқақ

«Үкім а йту Асқақ, үлкен Аллаға ғана тән» (Ғафыр, 12).

Осы көркем есімді күн сайын қайталап жүруді дағдыға айналдырып, оны қағазға жазып сқатап жүрген жанның Алла Тағала байлығын арттырып, ізгі мақсат-мұраттарына жеткізеді. Сондай-ақ, бұл есімді дәйім айтып жүрген адамның иманы күшейіп, игі ниетті істеріне қол жеткізетін болады.

 

38. Әл-Кабир / Үлкен, Аса зор

«Ол (Алла) – ғайыпты әрі жарияны білуші, Үлкен әрі бәрінен Биік» (Рағыд, 9).

Жұмысын себепсіз шығарылған немесе қиындыққа тап болған адам Алланың разылығы үшін 7 күн бойы нәпіл ораза тұтып, әрбір күні осы көркем есімді шын ниетпен 1000 мәрте қайталайтын болса, иншалла, Алла оның қиын ісін оңалтады. Ал бұл көркем есімді күн сайын 100 мәртеден қайталап жүрген жан сый мен құрметке ие болады.

 

39. Әл-Хафиз / Сақтаушы, қорғаушы

«Әрі Раббың әрбір нәрсенің Сақтаушысы» (Сәбә, 21).

Бұл көркем есімді әрдайым, күн сайын қайталап жүрген пендені Алла Тағала түрлі тауқыметтерден, зиянға ұшыраудан сақтайды. Ал күніне 16 мәрте қайталаған жан бәле-жаладан аман болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/01/2026)
Просмотров: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: