Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

34. Әл-Азим / Ұлы, Ардақты

«Ұлы Раббыңның есімін пәктеп, дәріпте» (Хаққа, 52).

Осы көркем есімді көп мәрте қайталаған жан, иншалла, абырой мен құрметке лайықты болады.

 

35. Әл-Ғафур / Кешіруші, Кешірімді

«Әрі Раббың Кешірімді әрі мейірім Иесі» (Кәһф, 58).

Осы бір Алланың көркем есімін ұдайы қайталаған адам бас аурудан, тұмаудан, қайғы-қасіреттен құтылады, иншалла. Сондай-ақ, ондай адамға Алла құт-береке мен ұрпақ сыйлайды. Ал кімде-кім шын ықыласымен «Ия, Ғафур! Ия, Раббиғфирли» («Уа, Кешіруші! Уа, Раббым! Мені кешіре гөр!») деп айтса, Алла оның күнәларын кешіреді.

 

36. Әш-Шәкур / Алғыс Иесі, жақсылықтың қарымтасын қайтарушы

«Ал кім ізгілік істесе оның ізгілігін арттырамыз. Шындығында Алла Кешірімді әрі Алғыс Иесі» (Шура, 23).

Осы көркем есімді күніне 41 мәрте қайталауды дағдыға айналдырған жан қаржы, денсаулық, рухани және тағы да басқа қиындықтардан құтылады. Жүрегінде ауыр сезімі, қайғы-мұңы бар адамға осы көркем есімді 41 рет ыдысқа құйылған суға оқып, сол суға шомылу ұсынылады. Сол уақытта, Алла қаласа, оның жағдайын жеңілдетіп, ерік-жігер берер.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/12/2025)
Просмотров: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: