АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 31. Әл-Латиф / Жұмсақ, Мейірімді «Алла құлдарына Жұмсақ, қалағанын ризықтандырады. Ол Күшті әрі Даңқты» (Шура, 19). Алла Тағала Өзінің осы бір көркем есімін 133 мәрте қайталап жүрген адамға шексіз ризық беріп, оның ізгі ниетті жоспарларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, кедейліктен, кеселден, жалғыздықтан немесе сараңдықтан құтылу үшін сүннетке сәйкес түрде ғұсыл алып шомылып, 2 рәкағат нәпіл намаз оқыған соң осы көркем есімді 100 рет қайталаса тілегі орындалады.
32. Әл-Хабир / Бәрінен Хабардар «Алла пенделерінің үстінен Өктем әрі Ол Дана һәм бәрінен Хабардар» (Әнғам, 18). Осы көркем есімді төрт күн бойы шынайы ықыласпен көп мәрте қайталаған жан Алланың қалауымен хикметке жетеді. Сондай-ақ, бұл есімді көп қайталау нәпсінің тойымсыздығынан және жаман әдеттерден құтылуға себеп болады.
33. Әл-Халим / Мүләйім, жылылық Иесі «Алла Кешірімді әрі Мүләйім» (Бақара, 225). Осы көркем есімді бір жапырақ қағазға жазып, оны суға езіп, сол суды біреуге, не бір нәрсеге бүркісе, сол нәрседе, Алла қаласа, құт-береке мен сақтаныш болады. Ал егін салып жатқан кезде осы есімді бір қағазға жазып, оны егін себілген жерге жасырса, иншалла, егін зияннан аман болады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 10 | |
| Всего комментариев: 0 | |
