Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

28. Әл-Басир / Бәрін Көруші

«Әрі Ол бәрін Естуші һәм Көруші» (Исра, 1).

Алла Тағала осы көркем есімін жұма намазынан кейін 100 мәрте қайталаған жанның көруін жақсартып, жанарын нұрландырады. Жұма намазының алдыңғы сүннетін оқыған соң парызына дейін осы көркем есімді қайталаған адамға абырой мен құрмет беріледі.

 

29. Әл-Хакам / Қазы, Төреші

«Қиямет күні таласқан нәрселерін туралы сендердің араларыңа Алла төрелік етеді» (Хаж, 69).

Алла Тағала түннің соңғы бөлігінде ғұсыл алған соң осы бір көркем есімді 99 рет қайталаған адамның жүрегін нұрландырып, хикметті сездіреді. Әсіресе, бұл есімді бейсенбіден жұмаға қараған түні көп қайталаған дұрыс.

 

30. Әс-Адл / Әділ, Әділетті

«Расында Алла әділдікке, ізгілікке бұйырады» (Нахыл, 90).

Осы көркем есімді 20 бөлік нанға жазып, бейсенбіден жұмаға қараған түні немесе жұма күні жесе, Алланың құдіретімен жаратылыстың бәрі сол адаммен ынтымақта болады. Ал кім жұмаға қараған түні 20 мәрте қайталаса, оның ықыласы мен шынайы достары көбейеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (09/12/2025)
Просмотров: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: