АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 25. Әл-Муъиззу / даңқты асырушы, жеңіс беруші «Уа, Алла! ...Қалағаныңның даңқын асырасың, қалағаныңның дәрежесін төмендетесің» (Әли Имран, 26). Жексенбі және бейсенбі күндері ақшам намазынан кейін осы есімді 40 мәрте қайталауды әдетке айналдырған адамға Алла Тағала құрмет, абырой сыйлайды.
26. Әл-Музиллу / Дәрежені төмендетуші «Уа, Алла! ...Қалағаныңның даңқын асырасың, қалағаныңның дәрежесін төмендетесің» (Әли Имарн, 26). Осы көркем есімді 75 рет қайталаған соң сақтану дұғасын оқыған адамды Алла дұшпандардың мен қызғаншақтардың қыспағынан құтқарады.
27. Әс-Самиъ / Бәрін Естуші «Оған (Аллаға) ұқсайтын ештеңе де жоқ әрі Ол бәрін Естуші һәм Көруші» (Шура, 11). Алла Тағала Өзінің осы бір көркем есімін дұха намазынан кейін 500 мәрте (немесе бейсенбі күні 50 мәрте) қайталаған пенденің тілек-дұғасын қабыл алады. Көркем есімді қайталау кезінде басқа нәрсемен айналыспауы шарт. Сондай-ақ бейсенбі күні таң намазының сүннеті мен парызының арасында осы көркем есімді 100 мәрте қайталаған жанға Алла Тағала Өзінің арнайы мейірім-рахымын түсіреді. Ал осы көркем есімді бейсенбі күні дұха намазынан кейін шын ықыласымен қайталаған пенденің дұғасы қабыл болады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 9 | |
| Всего комментариев: 0 | |
