Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

22. Әл-Басит / Кеңейтуші

«Алла тарылтады әрі кеңейтеді әрі түбінде Оған қайтасыңдар» (Бақара, 245).

Кімде-кім дұха намазынан кейін екі қолын көтеріп дұға жасаған соң осы көркем есімді 10 мәрте қайталап, бетін сипаса, Алла оған ерік-жігер беріп, жалғыздықтан сақтайды.

 

23. Әл-Хафид / Төмендетуші, Түсіруші

«Ұлы әрі Даңқты Алла ұйықтамайды әрі ұйқы Оған тән емес. Ол әділдікті бірде төмен түсіріп, бірде көтеріп тұрады» (Мүслім риуаят еткен хадис).

Бұл көркем есімді 500 мәрте қайталаған жанның Алла тілегін қабыл етіп, қиыншылықтардан құтқарады. Ал кім үш күн нәпіл ораза тұтып, төртінші күні осы көркем есімді оңаша отырып 70 рет қайталаса дұшпанын жеңеді (ең басты дұшпан, әрине, адамның өзінің нәпсісі).

 

24. Ар-Рафиъ / Жоғарылатушы, Биіктетуші

«Алла сендерден иман келтіргендер мен білім берілгендердің дәрежелерін көтереді» (Мүжәделе, 11).

Мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша әрбір айдың 14-і күніне қараған түні, яғни айдың толысқан түні осы көркем есімді 100 мәрте қайталаған адамға Алла ерік-жігер мен әрбір нәрседен тәуелсіздік сыйлайды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (25/11/2025)
Просмотров: 15 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: