АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 19. Әл-Фаттах / Жеңуші, Ашушы «Ол (Алла) – Ашушы, Білуші» (Сәбә, 26). Таң намазынан кейін қолын кеудесіне қойып, Алланың осы бір көркем есімін 70 мәрте қайталаған жанның жүрегі иман нұрымен нұрланады. Ал осы есімді көп қайталауды әдетке айналдырған пендеге нұр мен жеңіс жетеді.
20. Әл-Алим / Бәрін Білуші «Алла сені олардан құтқарады әрі Ол Естуші һәм Білуші» (Бақара, 137). Осы бір көркем есімін көп қайталаған жанға Алла Тағала тарапынан білім мен хикметтің есігі ашылады да, жүрегі нұрға толады. Бұл көркем есімді көбіне кешке қарай қайталаған жөн.
21. Әл-Қабид / Тарылтушы, Ұстап қалушы «Алла тарылтады әрі кеңейтеді әрі түбінде Оған қайтасыңдар» (Бақара, 245). Алланың осы көркем есімін төрт бөлек нанға жазып, оны төрт күн бойы жеген адам аштықтан, шөлден, ауру-сырқаудан сақталады. Алла білуші. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
