Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

16. Әл-Қаһһар / Өктем, шексіз қаһар Иесі

«Алла – әрбір нәрсенің жаратушысы әрі Ол – Жалғыз һәм Өктем де» (Рағыд, 16).

Бұл есімді көп қайталау материалистік таным санасын улаған адам үшін өте пайдалы. Сонда оның жүрегінде Аллаға деген махаббат нық орнайды. Сондай-ақ күнәға ұрынудан қорған болады.

 

17. Әл-Уаһһаб / Сый беруші

«Әлде оларда Даңқты әрі Сый беруші Раббыңның мейірім қазыналары бар ма еді?!» (Сад, 9).

Кедейліктің тауқыметін тартқан пенде үшін осы есімді көп мәрте қайталағанның пайдасы зор. Болмаса дұха (сәске) намазының соңғы сәждесінде жатқанда 40 рет қайталаса жақсы. Ондай адамды, Алла Тағала, иншалла, таршылықтан құтқарады. Ал қандай да бір дұғаның, тілектің қабыл болуын қалаған жан үшін осы көркем есімді тілегін айтқан соң 7 мәрте қайталағаны немесе үйінде, не мешітте 3 мәрте сәжде жасап, сосын екі қолын көтеріп, осы көркем есімді 100 мәрте қайталау ұсынылады. Сонда, Алла қаласа, тілек қабыл болады.

Мұқтаж кісі, тұтқынға түскен адам немесе өз-өзін қамтамасыз ете алмай, дәрменсіз болған жан осы көркем есімді 3 не 7 түн бойы түн ортасында екі рәкағат нәпіл намаз оқып, сосын осы көркем есімді 100 мәрте қайталайтын болса, иншалла, Алла Тағала оны мұқтаждықтан, тұтқыннан құтқарады.

 

18. Ар-Раззақ / Ризықтандырушы

«Шындығында Алла, Ол – Ризықтандырушы, күш-қуаттың Иесі, Мығым» (Зәрият, 58).

Бұл көркем есімді таң намазынан кейін 10 рет қайталап, үйінің төрт бұрышына үрлесе, Алла қаласа оған ризықтың есігін айқара ашады. Ал осы есімді көп рет қайталауды әдетке айналдырған жанға Алла Тағала жеткілікті несібе береді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/11/2025)
Просмотров: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: