Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

13. Әл-Бари / Жоқтан бар етуші (Жаратушы)

«Жоқтан бар етуші Иелеріңе тәубе етіңдер» (Бақара, 54).

Егер бедеулік дерті бар әйел 7 күн ораза тұтып, күн сайын ауызашардан бұрын «Әл-Халиқ, әл-Бари, әл-Мусаууир» деп 21 мәрте қайталап, сосын су құйылған кесеге дем алып, сол сумен аузын ашса, иншалла, Алла Тағала оған перзент сыйлайды.

 

14. Әл-Мусаууир / Бейнелеуші

«Ол, Алла – Жаратушы, Жоқтан бар етуші, Бейнелеуші, көркем есідер Оған тән» (Хашыр, 24).

Алдыңғы көркем есімде айтылған шара осы есімге де қатысты.

 

15. Әл-Ғаффар / Кешірімшіл, Аса кешірімді

«Көктер мен жердің әрі олардың арасындағылардың Иесі, Үстем һәм Кешірімшіл» (Сад, 66).

Кімде-кім осы есімді жұма намазынан кейін 100 мәрте қайталаса, Алла Тағала оның күнә-қателіктерін кешіреді. Бұл есімді жарылқау тілеу імақсатында көп мәрте оқыса болады. Ал күн сайын екінті намазынан «Иә, Ғаффар, иғфирлии!» деп көп қайталауды дағдыға айналдырған жанды Алла күнәсі кешірілгендердің қатарына қосады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/11/2025)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: