Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

10. Әл-Жаббар / Бойсұндырушы, Аса құдіретті

«Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Патша әрі Аса қасиетті, Бейбітшіл, Аса сенімді, Толық басқарушы, Үстем, Бойсұндырушы» (Хашыр, 23).

Осы көркем есімді таңертең және кешке 226 реттен қайталап жүрген жан, Алла қаласа, қатыгездік пен қиянаттан аман болады. Ал бұл есімді қайталауды әдетке айналдырған адам өз ерік-жігеріне қарсы еш нәрсе істемейді әрі түрлі қиындықтардан қорғалады.

 

11. Әл-Мутәкәббир / Тәкаппар, Аса жоғары

«Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Патша әрі Аса қасиетті, Бейбіт, Аса сенімді, Толық басқарушы, Үстем, Бойсұндырушы, Тәкаппар» (Хашыр, 23).

Осы көркем есімді көп қайталайтын адам құрмет пен абыройға ие болады. Ал бұл есімді қиын іске кірісерден бұрын көп қайталаса, Алланың қалауымен ол іс оңтайланады. Сондай-ақ, бұл көркем есімді жүкті әйел толғатудан бұрын көп қайталаса, ізгі де ізетті ұрпақ туылады.

 

12. Әл-Халиқ / Жаратушы

«Ол – Алла – Жаратушы, Жоқтан ьар етуші, Бейнелеуші, көркем есімдер Оған тән» (Хашыр, 24).

Алланың осы бір көркем есімін жеті күн бойы күніне 100 мәртеден қайталап жүрсе, Алла оны түрлі бәле-жалалардан қорғайды. Ал бұл есімді түнгі мезгілде ұзақ қайталауды дағдыға айналдырған жанның құрметі үшін Алланың қалауымен періштелер истиғфар айтып, Раббысына сәжде жасайды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (20/10/2025)
Просмотров: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: