АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 7. Әл-Мумин / Аса сенімді «Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Патша әрі Аса қасиетті, Бейбіт, Аса сенімді» (Хашыр, 23). Осы есімді бір Құдайдан қорыққан түрде 630 мәрте қайталаған адамды Алла барлық тауқыметтерден қорғайды. Әрдайым қорғану ниетімен оқып жүруге болады.
8. Әл-Муһәймин / Толық Басқарушы, Толық бақылаушы «Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Патша әрі Аса қасиетті, Бейбіт, Аса сенімді, Толық басқарушы» (Хашыр, 23). Кімде-кім ғұсыл алып, шомылған соң екі рәкағат намаз оқып, сосын осы көркем есімді шынайы ықылас, ниетпен 100 мәрте қайталаса, Алла Тағала оған рухани һәм тәни тазалық сыйлайды. Ал осы көркем есімді 115 мәрте қайталаған адамды Алла бұрын білмеген нәрсесімен таныстырады.
9. Әл-Азиз / Үстем, Аса даңқты, бәріне құдіретті «Ол сондай (Алла) сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол – Үстем әрі Аса дана» (Әли Имран, 6). Осы көркем есімді 40 күн бойы әр күн сайын үздіксіз 40 мәрте қайталаған адамға Алла құрметтілік пен дербестік сыйлайды. Ал күн сайын таң намазынан кейін 40 рет қайталаса таршылық пен мұқтаждықтан құтқарады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 3 | |
| Всего комментариев: 0 | |
