АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ 4. Әл-Мәлик / Патша, билік Иесі «Алла бәрінен де биік, Хақиқи Патша! Одан басқа құдай жоқ, Ол – ардақты аршының Иесі» (Мүминун, 116). Осы есімді түс ауғаннан кейін көп мәрте қайталаған пенде ақшаға деген тәуелділіктен құтылады.
5. Әл-Қуддус / Аса қасиетті «Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Патша әрі Аса қасиетті» (Хашыр, 23). Осы көркем есімді әрдайым қайталап жүрген жанды Алла рухани кеселдерден сақтайды. Ол үшін осы есімді күніне 100 рет қайталау керек.
6. Әс-Сәләм / Бейбіт, Сәлем Иесі «Ол – Алла, Одан өбасқа құдай жоқ, Ол – Патша әрі Аса қасиетті, Бейбіт» (Хашыр, 23). Бұл көркем есімді көп мәрте қайталаған пендесін Алла түрлі бәле-жалалардан, сынақтардан сақтайды. Ал осы есімді 115 немесе 160 рет оқып, науқасқа дем салса, Алла қаласа оған ем береді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | |
| Всего комментариев: 0 | |
