Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

1. Алла (Аллаһ) / Әлемдердің Жаратушысы

Бұл Хақ Тағаланың ең маңызды, ең басты есімі. Бұл есім басқа ешкімге айтылмайды. Бұл сөз араб тіліндегі Әл-Иләһ – «Нағыз Құдай» деген сөзден өрбиді.

«Алладан басқа құдай жоқ, Ол – Мәңгі тірі, Өздігінен тұрушы» (Әли Имран,2).

Кімде-кім осы иләһи есімді күніне 1000 рет қайталаса, оның жүрегіндегі бүкіл күдік, шәк атаулы жойылады. Оның орнына Құдайға деген иманы кәміл, сенімі берік бола түседі. Тәңірдің осы басты есімін көп қайталап, дұға қылудың түрлі дерттерге шипалық әсері бар.

 

2. Ар-Рахман / Аса рахымды, Аса мейірімді

Мейірім-рахымы бүкіл әлемдерді – дүние мен ақыретті, күллі жаратылысты, мұсылманды да, кәпірді де қамтушы.

«Құдайларың – бір Құдай, Одан өзге құдай жоқ, Ол – Аса рахымды әрі Ерекше мейірімді» (Бақара, 163).

Бұл есімді көп қайталаудың адамның есте сақтау қабілеті жақсарып, жүректегі қатігездік сезім жойылады. Әрбір намаздан кейін 100 рет қайталаса дінге деген салғырттықтан арылады.

 

3. Ар-Рахим / Ерекше мейірімді

«Ол – Алла, Одан өзге құдай жоқ, Ол – ғайыпты да, көрнеуді де білуші, Ол – Аса рахымды әрі Ерекше мейірімді» (Хашыр, 22).

Бұл есімді әрбір намаздан кейін жүз рет қайталаған жан түрлі бәле-жаладан құтылады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (30/09/2025)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: