Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

Ескерте кететін бір жайт – Алла Тағаланың сипаттары, есімдері жаратылыстың сипаттары мен есімдеріне ұқсамайтын ерекшелікке ие. Жаратушының сипаты жаратылғанға ұқсамайды. Ал Жаратушыға жаратылыстық сипаттар тән емес. Алла Тағала Құран Кәрімде Өзіне ештеңенің де ұқсамайтындығын әрі Оған дүнияуи көздердің де жетпейтіндігін айтып ескерткен. «Оған ұқсамайтын ештеңе жоқ» (Шура, 11).

Мысалы, Алла – Мейірімді, Рахымды, бірақ Оның рахым-мейірімі жаратылыстың, адамзаттың мейірімділігінен өте жоғары, Өзіндік рахым. Алланың көркем есімдері мен сипаттары өзіндік ерекшеліктерге толы. Ондай ерекшеліктерді Хақ Тағаланың қалауымен Раббысын таныған пенделері біледі.

Көркем есімдердің осындай ерекшеліктеріне байланысты олардың мағыналарын түпнұсқадағы мағынасындай нақты, дәлме-дәл жеткізу де оңайға соқпайды. Сондықтан да көркем есімдердің мағыналарының қазақша баламаларын беруге тырыстық.

Сондай-ақ, мұндағы көркем есімдердің дұғалық, шипалық қасиеттері туралы айтылған пікірлер жайында айтар болсақ, олар, негізінен, мұсылман тарихында ғұмыр кешкен тақуа жандардың тәжірибелерінен алынған. Алла Тағаланың көркем есімдерінің барлығы да қасиетті. Олармен шын ықыласымен дұға қылған адамның тілегі қабыл болады. Бұл туралы Құран аятында және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде айтылған:

«Алланың көркем есімдері бар, солар арқылы Оған дұға қылыңдар» (Ағраф, 180).

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/09/2025)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: