Имандылық ишараттары

АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ

Ұлы Есім туралы түсінік

Ұлы Есім – Алла Тағаланың барлық кемелдік сипаттарын қамтитын, ұлылығын, көркемдігін паш ететін есімі. Кімде-кім шын пейілімен Алла Тағалаға оның ұлы есімі арқылы дұға қылып, тілегін сұраса, иншалла, қабыл етеді. Алайда ұлы есімге мынау деп дөп басып айту қиын. Бұл туралы ғалымдар арасында пікірталас бар. Ұлы есімнің Өзінің көркем есімдерінің арасында жасыру Алла Тағаланың бір хикметі. Оны іздеу арқылы пенде Жаратушының көптеген сипаттарына қанық болады. Омар (р.а.) былай деген: «Алла Тағала алты нәрсені алты жерге жасырды. Өзінің разылығын тағат-ғибадатында жасырды. Ашу-қаһарын өзіне жасалаған асылықта жасырды. Өзінің Ұлы Есімін Құранда жасырды. Қадір түнін Рамазан айларының түндерінің арасына жасырды. Орта намазды күнделікті бес намаздың арасында жасырды. Қиямет күнін күндердің арасында жасырды».

Кейбір ғалымдар ұлы есімге Алла, ас-Самад, әл-Хаййул-Қаййум, Зул-Жәләли уал-Икрам деген есімдерін жатқызған. Бірақ бәрін білуші бір Алла.

Абдулла ибн Бурәйданың (р.а.) өз әкесінен жеткізген риуаяттында былай делінеді: «Бірде Пайғамбар (с.а.с.) бір кісінің: «Уа, Алла! Мен Сенің Жалғыз, тумаған да, туылмаған да Мұқтажсыз, ешқандай теңдесі жоқ сипаттарың арқылы сұраймын», - деп айтып жатқан дұғасын естиді. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Шындығында бұл Алланың егер сұраса беретін, дұға қылса қабыл ететін ұлы есімімен сұрады», - дейді» (Ибн Мәже риуаят еткен).

Әнес ибн Мәліктің (р.а.) риуаят етуінше, ол Алланың елшісімен (с.а.с.) бірге отырған кезінде бір кісі келіп, жандарында намаз оқып, артынан былайша дұға қылады: «Уа, Алла! Барлық мадақ Өзіңе лайық екендігімен, Өзіңнен басқа құдай жоқ екендігімен, Сый беруші, аспандар мен жерді көркем түрде жаратушы сипаттарыңмен сұраймын. Уа, ұлылық пен жомарттықтың Иесі! Уа, мәңгі тірі! Уа, Өздігінен тұрушы»» Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Шындығында бұл Аллаға Оның дұға қылса қабыл ететін, егер сұраса беретін ұлы есіміммен дұға қылды», деген (Әбу Дәуіт риуаят еткен).

Әсма бин язидтің (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Алланың ұлы есімі мына екі аятта. «Құдайларың – бір Құдай, одан өзге құдай жоқ, Ол – аса рахымды әрі ерекше мейірімді» (Бақара, 163) және Әли Имранның басындағы – «Әлиф. Ләм. Мим. Алла – одан өзге құдай жоқ, ол – мәңгі тірі әрі өздігінен тұрушы» (Әбу Дәуіт риуаят еткен).

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/09/2025)
Просмотров: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: