АЛЛАНЫҢ 99 КӨРКЕМ ЕСІМІ Көркем есімдер туралы жалпы түсінік Асыл дініміздің білгір ғұламалары көркем есімдерді бөлек бір ілім ретінде алып қарастырған. Өйткені бұл – Алланы тануға апаратын иләһи белгілер, ұлы ұғымдар. Барлық ғылымдардың түпкі шегі һәм басты мақсаты, ілімдердің ілімі – мағрифатулла іліміне, яғни Алла туралы танымға жетелейтін Оның көркем есімдері туралы дәлелдерді біз әуелі Алланың Кітабынан, сосын Пайғамбар (с.а.с.) хадистерінен кездесітерміз. Құран Кәрімде Алла Тағаланың көркем есімдері көп келеді әрі сондай сипаттардың Жаратушыға тән екендігі айтылады. Сондай аяттардың біразы төмендегідей. Алла Тағала былай дейді: «Алланың көркем есімдері бар, солар арқылы Оған дұға қылыңдар. Оның есімдерін теріске шығарғандарды қоя беріңдер, олар қолекі істегендерінің сазайын тартады», деген (Ағраф, 180); «(Уа, Мұхаммед!) Алла деп шақырыңдар, Рахман деп шақырыңдар – қайсысымен шақырсаңдар да көркем есімдер Оған тән» де» (Исра, 110). Алланың елшісі (с.а.с.) хадистерінде жалпы Жаратушыны танудың, Оны көркем есімдерімен танып-білудің қыр-сырын үйретіп кеткен. Бұхари жеткізген риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алланың тоқсан тоғыз, яғни бірі кем жүз есімі бар. Кімде-кім соларда жаттаса жәннатқа кіреді. Ол (Алла) – тақ әрі тақ санды жақсы көреді». (Бұхари риуаят еткен). Қос Сахих кітабында Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі (с.а.с.): «Алланың тоқсан тоғыз – бірі кем жүз есімі бар, кім оны қамтыса жәннатқа кіреді», - деген (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен хадис). Имам Термези Әбу Һурайрадан (р.а.) Алланың елшісінің (с.а.с.): «Алланың тоқсан тоғыз – бірі кем жүз есімі бар, кім оны қамтыса жәннатқа кіреді, Ол – Алла – Аса рахымды, Ерекше мейірімді...», - деп, тоқсан тоғыз есімді санамалап шыққан хадисін жеткізген. Көркем есімдердің кереметтері көп. Олармен шын ықыласпен дұға қылғанның дұғасы қабыл болады әрі олардың адамның жаны мен тәніне тигізетін рухани һәм шипалық пайдалары да мол. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | |
Всего комментариев: 0 | |