Футболдан Еуро - 2020 қарсаңында

ФУТБОЛДАН ЕУРОПА БІРІНШІЛІКТЕРІНІҢ ТАРИХЫ: 1976 ЖЫЛ ...

Кәрі құрлықтың бесінші біріншілігінің ақтық жарыстары 16-20 маусым аралығында Югославияның Белград һәм Загреб қалаларында өткізілді. Оған бас-аяғы төрт құрама команда қатысты. Жартылай финал, финал жүйесімен түзілді. Югославия алаңдарында өткізілген төрт кездесуді 106087 жанкүйер тамашалады. Жиыны 19 доп қақпа торында тулады.

1976 жылғы Еуропа біріншілігі жиыны төрт кездесумен – екі жартылай финал, үшінші орын үшін, ақтық ойын – шектелген соңғы жарыс болды. Еуро – 1976-ның рекордын жаңарту мүмкін емес, себебі барлық ойын тек қана қосымша уақытпен аяқталды.

Бұл біріншілік сенсацияға толы болды. Айталық, италия, Англия, Франция, Венгрия, Польша сияқты азулы құрамалар іріктеу топтарынан шыға алмады.

Ширек финалдық бір ойында жанжал бұрқ етті. Обалы Уэльке тиді, себебі Кардифф қаласындағы тсадионда өткен Уэльс – Югославия кездесуінде жергілікті жанкүйерлер өздерін тым бұзақы ұстады. Нәтижесінде, УЕФА бұл құраманы арықарайғы жарыс жолынан шығарып тастады.

Англия құрамасын жарыс жолынан болашақ финалистер – Чехословакия футболшылары ысырды. Лондонда өткен кездесумен іріктеу жарыстарын ашқан бұл ойында Англия 3:0 есебімен жеңіске жеткен-ді. Дегенмен топтағы португалдықтармен өткен екі кездесуді тең аяқтады, есесіне Чехословакиямен өткізген қарымта ойында жеңіліс тапты. Осыдан соң ағылшындар португалдықтар чехословактықтарды жеңетініне сенді, бірақ ол ойын тек тең аяқталды.

КСРО құрамасы іріктеу тобында Ирландия, Түркия, Швейцария құрамаларымен кездесті. Соған қарамастан бірінші ойында кеңестік футболшылар сырт алаңда ирландықтардан 0:3 есебімен ойсырай жеңілді. Дон Гивенс сол кездесуде хет-трик жасады. Десе де маусым аралық кезеңде құрамдық өзгеріске ұшыраға КСРО құрамасы осы топтан жеңімпаз болып, ширек финалға өтіп кетті.

Ширек финалда Чехословакия құрамасымен өткен екі ойын нәтижесінде (0:2 Братиславада, 2:2 Киевте) жартылай финалға шыға алмады. Өзге ширек финалды кездесулерде Югославия Уэльсті, Германия Испанияны, Голландия Бельгияны ұтты.

Ақтық жарыстарға көз жіберсек, алдымен Загребте Чехословакия Голландияны 3:1 есебімен ұтты. Негізгі уақыт пен қосымша уақыттың 114-минутіне дейін есеп тең болды, он бір метрлік айып соққысы сериясы жақындаған сияқтанды. Дегенмен 114-минутте Нехода, ал 118-минутте Веселы гол соқты.

Келесі күні Белградтағы «Црвена Звезда» стадионында лық толған көрермендер алдында Югославия мен ГФР құрама командалары екінші жартылай финалдың тағдырын шешті. Ойынның алғашқы жарты сағатында Попивода мен Джаич соққан екі голдан соң, югославтықтар сенімді ұтып жатты. Әйткенмен Флое мен Дитер Мюллер бір-бір голдан соғып, таразы басын теңестірді де, ойын тағдырын қосымша уақытқа ысырып тастады. Ал онда манағы Мюллер тағы екі гол соғып, немістерді ақтық кездесуге алып шықты.

Ақтық кездесудің 25-минутына қарай неміс футболшылары чехословактық ойыншылардан 0.2 есебімен ұтылып жатты. Гол авторлары: Швеглик пен Добиаш. 28-минутте қанжығасы майланған Дитер Мюллер есеп айырмасын қысқартқанына қарамастан, чехословактардың басымдығы мен жылдамдығы әлі де басым болды. Ойын аяқталуға сәл-ақ уақыт қалғанда неміс ойыншысы Хельценбайн есепті теңестіріп кетті де, бұл ойынды да қосымша уақытқа өткізіп жіберді. Ал ол аралықта қос команда бір-біріне гол дарыта алмады.

Регламент бойынша 22 маусымда қарымта ойын өткізу керек болды. Бірақ Неміс футбол одағы ойын тең аяқталған жағдайда, сол күні он бір метрлік айып соққысы сериясы арқылы шешу жөнінде ұсынысты әуел бастан ұсынған еді. Чехословактар бұған қарсылық білдірмеді.

Осынау серияны 4.3 есебімен чехословактар ұтып жатқан сәтте немістерде бір соққы жасау әлі де бар еді. Қорғаушы Берд Дитц допты алуға асықпай бара жатты. Бірақ оны оқысынан командаласы Ули Хенесс басып озып, допты қолына алып, нүктеге қойды да, артқа сәл шегіне, шірене соққы жасады. Доп қақпадан жоғары кетті. Ал келесі болып соққы жасаған чехословактық ойыншы Антинин Паненко гол соғып, Чехословакия құрама командасын су жаңа Еуропа жеңімпазы дәрежесіне жеткізді.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

 

 

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (17/02/2020)
Просмотров: 285 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: