АЛАУ БАТЫР Мұрын жырлаған "Қырымның қырық батыры" эпопеясына кіретін жеке батырлар жырының қатарынан "Алау батыр" ерекше орын алады. Жырдың басты кейіпкері Алау - бірқатар ноғай-қазақ эпостарында кездесетін тұрақты кейіпкердің бірі. Кейбір тарихи деректерде батырдың тегі "Алау Алшынский" деген атпен ұшырайды. Алау батыр қазақ шежіресі бойынша да осы Алшын атадан туған. Эпостың қолжазбасы ҚР БҒМ Орталық кітапханасының сирек кітаптар және қолжазбалар қорында (ОҒК. Ш. 670) сақталған. Алау батыр (шамамен 15 ғ. өмір сүрген) — аты аңызға айналған батыр, қолбасшы. Алау батырдың тегі туралы шежірелерде әртүрлі айтылады. Оны Мөңке биден, Алшыннан тарататындар бар. Шежірелердің басым көпшілігінде Алау батыр Алшынның әкесі деп көрсетілген. Қара Жүргенов пен Жолшора Талдыбаевтардың 1925 ж. жазған шежіресінде Алау батырды Бекарыстан таратады. Шежірелердегі аталар санын демогр. жүйемен есептегенде бүгінгі ұрпақ пен Алау батыр арасы 15 ғ-ға апарады. Оның есімі кездесетін “Қырымның қырық батыры” жырлары да осы Ноғайлы заманының эпосы. Ол туралы қисса да бар. қ. “Алау батыр”. "Алау Батыр" - "Қырымның қырық батыры" топтамасына енетін жыр. Нұсқасы толық, тұтастай 7-8 буынды жыр үлгісімен шығарылған. 1942 ж. Мариям Исаева стенограмма әдісімен жазған. Жырда елді сыртқы жаудан қорғау, туған жері, Отаны үшін жанын аямау идеясы қиял-ғажайып ертегі сарындарымен ұштасып, Алау батыр халық қорғаны, қамқоршысы бейнесінде суреттеледі. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 155 | |
Всего комментариев: 0 | |