Батырлар жыры

АЙСАНЫҢ ҰЛЫ АХМЕТ

“Айсаның ұлы Ахмет” — “Қырымның қырық батыры” топтамасына енетін батырлық жыр.

Авторы белгісіз. Қазақ-қалмақ алмакезек шабысқан аласапыран заманда күш қосып ата жауына ойран салған Ахмет, Абат, Алау, Тоған, Қазтуған батырлардың азаттық жолындағы күресі көркем баяндалған. Жырдың негізгі тақырыбы — ерлердің ынтымағы, елдің тәуелсіздігі. Жыр аракідік қарасөз түсініктемелерімен, айтуға жеңіл, аралас ұйқас түрінде, кейіпкерлердің әңгімесі ретінде құрылған. Жырды 1944 жылы ақын Мариям Хакімжанова атақты Мұрын жыраудан жазып алған. Өзінің айтуынша, жырау бұл жырды Қашаған жыраудан үйренген. “Айсаның ұлы Ахмет” алғаш рет 1960 жылы жарық көрген “Батырлар жырының” 6-томында жарияланды.

Ахмет батыр немесе Әмет есімі "Қобыланды", "Орақ-Мамай", "Едіге", "Қарасай-қази" т.б. ноғай-қазақ эпостарында негізгі кейіпкерлермен қатар аталатын тарихи қаһарман. 1942 жылы Алматы қаласында жыраудың өз аузынан жазып алынған. Эпостың қолжазбасы ҚР БҒМ Орталық кітапханасының сирек кітаптар және қолжазбалар қорында (ОҒК. Ш. 670) сақталған.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (21/03/2022)
Просмотров: 152 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: