Батырлар жыры

ЖАҢБЫРШЫҰЛЫ ТЕЛАҒЫС

Телағыс – “Қырымның қырық батыры” эпосының жеке батырлар топтамасына жататын жыр. Мұрын жырау жырлаған бұл жырда қарт батыр Жаңбыршының он бес жасар баласы Телағыстың қалмақтарға қарсы соғысқа аттанғаны, онда көрсеткен ерлік істері баяндалған. Батырдың Ақбілек қызға үйленбек ниетінен туындаған ағайын арасындағы араздық оқиғаны шиеленістіріп, қарт Мамайдың ақыл-кеңесінің арқасында Телағыс пен Қарасай-Қази және қазақ батырлары қарым-қатынасында татулық, бірлік орнайды. Жырдың негізгі идеясы – жауға қарсы күресте ел ішінің жұмыла қайрат көрсетуі, ағайын-туғанның бірлігі. Жыр үлгісіндегі шығарма Мұрын жыраудың айтуынан жазып алынған, зерттеуші Қ.Сыдиықовтың дайындауымен “Қазақ халық әдебиеті” көптомдығының 12-томында (1990) “Жаңбыршыұлы Телағыс” деген атпен алғаш рет жарияланған. “Қырымның қырық батыры” жыр топтамасы қағазға түспес бұрын 1941 жылы Мұрын жыраудан жазып алынған “Телағыс” атты келесі бір нұсқада (Асайын Ханкелдіұлы жазып алған) Телағыс пен басқа да белгілі батырлардың ел қорғаудағы ерлігі қысқаша сөз етілген. Бұл нұсқа толық емес, батырлар жырынан алынған үзінділер қара сөз аралас жыр үлгісінде айтылған, “Мұса батыр” жырының үзіндісімен аяқталған. Жыраудың айтуынан 1942 жылы үнтаспаға жазылып, одан қағазға түсірілген жыр нұсқасы Орталығы ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (14/03/2022)
Просмотров: 150 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: