Батырлар жыры

МАНАШҰЛЫ ТҰЯҚБАЙ

"Манашұлы Тұяқбай" - Мұрын жырау жырлаған "Қырымның қырық батыры" эпосының жеке батырлар цикліне жататын батырлық жыры.

756 жолдан тұратын жырда жау қолынан қаза тапқан Манашы батырдың баласы Тұяқбай бастаған қазақ батырларының бірлесе қимылдап, қалмақтарды жеңуі, ата кегін алуы сөз болады.

"Манашұлы Тұяқбай" жырының негізгі идеясы мен тақырыбы - сыртқы жауға қарсы бірлесе күш жұмсап, елін, жерін аман сақтау. Жыр - сол замандағы Ноғайлы билерінің арасында болған алауыздықты сынай отырып, тату болуды үндейтін ұрпақтарды үлгі етеді де, ортақ жауды жеңуге бірлік керек екендігін уағыздайды.

Мұрын жырау бұл жырды Қашаған, Нұрым жыраулардан үйренген. 1942 жылы Алматы қаласында Мұрын жырау айтуынан жазып алынған бұл жыр нұсқасы толық, 7-8 буынды жыр үлгісінде құрылған.

Жыр композициясы зұлымдық пен ізгілік, ездік пен ерлік сияқты шиеленіскен драмалық сарындарға құрылған, сюжет желісі бай. Мұрын жыраудан жазып алынған жыр нұсқасы "Батырлар жырының" 2-томында (1961), "Қазақ халық әдебиеті" көптомдығының 12-томында (1990) жарияланған.

әзірлеген                           

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (14/02/2022)
Просмотров: 148 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: