Басты бағыт барысы

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің                         12 жылдық білім беруге көшуге дайындығы

Нақты нәтижеге бағытnалған және құзыретті тұлғаны қалыптастыру жолында саналы тәртіп пен сапалы білімді қос тізгіндей қатар ұстаған Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі 2009/2010 оқу жылын бастап, он екі жылдық білім беруге көшуді жалғастыруда.

Оқу жылының басында 1-11 сыныптарда 101 оқушы білім алуда, оның ішінде 50-і ұл бала, 51-і қыз бала.

Мектеп ұжымының алдында  көптеген жұмыстар бар. Әр оқушының дамуын қамтамасыз ету үшін қабілеті, қызығушылығы, мүмкіндігіне сәйкес оқу-тәрбие жүйесін жетілдіру керек. Осы үдерісті жүргізу үшін мыналар керек:

Þ    әрбір пән мұғалімі педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, технологияны жетік меңгеру негізінде оқушының білімін жоғары деңгейге көтеру;

Þ    оқушыларды жан-жақты тәрбиелей отырып, олардың өзін-өзі тануын, зияткерлік, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін ашу үшін оқу-тәрбие үдерістерінің орталықтары арқылы жүзеге асыру.

Бұдан 2009-2010 оқу жылында туындаған мектеп проблемасы: оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін оқу-тәрбие үдерістерінің орталықтары арқылы ізгілендіре отырып тәрбиелеу.

Мектептің тақырыбы: Нақты нәтижеге бағытталған сапалы білім және құзыретті тұлғаны қалыптастыру.

Мақсаты: Сабақта және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс жүйесін оқу-тәрбие үдерістерімен байланыстыра отырып, ғылыми деңгейге көтеру және танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Міндеті: Әр оқушының дамуын қамтамасыз ету үшін қабілеті, қызығушылығы, мүмкіндігіне сәйкес оқу-тәрбие жүйесін құру.

          2008-2009 оқу жылында нақты мақсатқа негізделген тақырып бойынша жұмыс істеуге тырысып келдік. Өткен оқу жылында атқарылып болған жұмыстарға тоқталып кетейік.

 Оқушылардың дамуын қамтамасыз ету үшін әр пән мұғалімі ең алдымен өзінің біліктілігін, педагогикалық шеберлігін арттыру керек.

   Былтырғы оқу жылында біздің мектебіміздің 19 мұғалімі аттестаттаудан өтуге өтініш берді. Оның ішінде екі мұғалім жоғары санатқа, екі мұғалім жоғары санатты растауға, төрт мұғалім бірінші санатқа, бес мұғалім бірінші санатын растауға, алты мұғалім екінші санатқа өтініш берді. Желтоқсан айында мектебіміздің қабырғасында физика-математика пәндері мұғалімдерінің семинары өткізілді, семинарға Лебяжі ОМ, Жамбыл ОМ мұғалімдері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Сол күні математика пәнінің мұғалімі Қапанова З.Н, математика пәнінің мұғалімі Жұмашева М.Т, физика пәнінің мұғалімі Берден Шаймұрат ашық сабақ өткізді. Ақпан айында мектебімізде екі шығармашылық күн өткізілді, 10 ақпанда Өзбекова С.Б. интербелсенді тақтамен 4-орыс сыныбында өте қызықты ана тілі сабағын өткізді, Қайдаров Н.Ш. 11 орыс сынып оқушыларымен АӘД пәні бойынша сабақ берді. Сабақ барысында мұғалім интербелсенді тақтаны қолданды. Сол күні Сейсембеков С.Н., Мүсілімова Г.Н., Қапанова З.Н., Ақатаев Д.А., Холодько З.С. ашық сабақтар өткізді.

  14 ақпан күні мектебімізде өзіндік аттестациялау күні болды, мұғалімдеріміз ол күні ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастырды. Бастауыш сынып мұғалімі Омарова Н.С. /қазақ тілі «Етістік»/, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мазанова Б.Т. /«Дополнение. Спорт»/, ағылшын тілі мұғалімі Қапанова Г.Ж. /Лондонның көрікті жерлері/, физика пәнінің мұғалімі Берден Шаймұрат, математика пәнінің мұғалімі Жұмашева М.Т. интербелсенді тақтаны қолданып, өте қызықты сабақтар өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері Құсманова Б.М., Қадырханова Г.Н. тартымды сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастырды. Мұғалімдер өз сабақтарында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын, «Дамыта оқыту» технологиясын жиі қолданады.

  Бірінші жартыжылдық бойы аттестаттаудан өтетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді. ПМБАИ әдіскерлері құрастырған тест үлгілері берілді, педагогика мен психология бойынша кітаптар ұсынылды.  

 Мектебіміздің алты мұғалімі ПМБАИ–да біліктілігін арттыру курстарын өтіп келді. Олар: Шакиров Е.А. /тарих/, Байханова Л.А. /тарих/, Оспанова М.Ж. /тарих/, Өзбекова С.Б. /экономика/, Бекк В.А./ физика/, Белгібаева А.М./ қазақ тілі мен әдебиеті/. Ал мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары Ибраһим Б.К. ПМБАИ қашықтан оқыту бойынша біліктілік арттыру курсын тәмамдады.

 Мектебіміздің мұғалімдері ПМБАИ өткізген ғылыми-практикалық конференцияға Мазанова Б.Т7, Берден Шаймұрат, Құсманова Б.М., Өзбекова С.Б., Кадырханова Г.Н. ПМБАИ-да өткізілген ғылыми-практикалық конференцияға өз баяндамаларын дайындады. Берден Шаймұраттың баяндамасы ең үздік баяндамалар қатарына кірді.

    2008-2009 оқу жылы мектебімізде әдістемелік кеңес пен шығармашылық топ жұмыс істеп келді. Құрамына бірінші және жоғары санатты тәжірибелі мұғалімдер кірді.Әдістемелік кеңестің құрамында жиырма мұғалім, кеңес іштей төрт бөлімге бөлінді. Аттестаттау бөлімі, «Дарынды балалар» бөлімі, Тәжірибелік- экперименталды бөлім, Мониторинг бөлімі. Әдістемелік кеңестің отырыстарында мынадай сұрақтар қаралды: «Жаңа технологиялар негізінде оқыту үрдісін дамыту», «Оқушыларды олимпиадаларға дайындау», «Мұғалімнің өзіндік білім алу жоспары».

   Былтыр Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде сынып жетекшілерінің көмегімен  дарынды балалар анықталып, «Жас дарын» атты оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырылды. Ол қоғамның құрамына қырық бір оқушы кірді. Ғылыми қоғамның екі секциясы бар. Физика-математикалық бағыттағы «Физика секциясы» және гуманитарлық бағыттағы «Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы». Ғылыми қоғамның құрамындағы оқушылар олимпиадаларға, интеллектуалды марафондарға, түрлі сайыстарға қатысты. Мәселен: 13 оқушы «Ақ бота» интеллектуалды марафонына, 11 оқушы «Ертіс дарыны» облыстық зияткерлік марафонға, 11 оқушы «Золотое руно» сайысына қатысты. Аудандық пән олимпиадаларына қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды: Тілектес Әйгерим 1-орын /6-қазақ сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті/, Важниченко Анастасия 2-орын / 7-орыс сынып оқушысы, орыс тілінен/, Рыбалевская Яна 1-орын /5-орыс сынып оқушысы, қазақ тілінен/, Шаймұрат Жаңанұр 2-орын /10-қазақ сынып оқушысы, физика/, Темірғазы Ілияс 3-орын / 11-қазақ сынып оқушысы, физика/, Шаймұрат Айбарыс 1-орын /4-қазақ сынып оқушысы, математика/, Богежаев Вячеслав 2-орын /4-орыс сынып оқушысы, қазақ тілі/, Жұмабекова Индира 1-орын /4-орыс сынып оқушысы, орыс тілі/.

  «Жас дарын» ғылыми қоғамының мүшелері ғылыми-зерттеушілік жұмыспен айналысты. Биыл алты оқушы ғылыми жобаға дайындалды. Олар: 8-қазақ сынып оқушысы Жүнісова Алия – қазақ әдебиетінен, тақырыбы «С.Мұратбековтың шығармаларындағы фразеологизмдер» /жетекшісі Абылғазинова Қ.Ғ/, 7-қазақ сынып оқушылары Қазбеков Мағжан – физика пәнінен, тақырыбы  «Күн энергиясы», Ерсайынов Нариман – физика пәнінен, тақырыбы «Су көлігі», Жоламанов Рамазан – физика пәнінен, тақырыбы «Ауада ұшу», Табылды Рустам – физика пәнінен, тақырыбы «Ракета» /жетекшісі Берден Шаймұрат/,  4-қазақ сынып оқушысы Шаймұрат Айбарыс – математика пәнінен, тақырыбы  «Арифметикалық есептер» /жетекшісі Құсманова Б.М./

  Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері әдістемелік құралдардың авторлары болып табылады. Құрастырылған құралдар әрқашан мектеп мұғалімдерінің қолдануында болады.Сол құралдарды атап кетейік: «Шебер ұйымдастырушы» /мектеп директорының орынбасарларына арналған, «Мектеп кеші көңілді», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен көмекші құрал», «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту бағдарламалары» /6,7,8-сыныптар үшін/, «Тәрбие айнасы» /сынып жетекшілеріне арналған тәрбиелік құрал/ - құрастырушы-автор Абылғазинова Қ.Ғ., «Программа по углубленному изучению английского языка» /для 6 класса/ - құрастырушы-автор Қапанова Г.Ж.,  «Қазақ тілінен үлестірмелі материалдар» /2-сыныпқа арналған/, «Қазақ тілінен эвристикалық карточкалар» - авторы Қадырханова Г.Н., «Қазақ тілінен эвристикалық карточкалар», «Математика пәнінен дидактикалық материалдар», «Диктанттар жинағы»/4 сыныпқа арналған – құрастырушы –автор Құсманова Б.М., «Диктанттар жинағы» /4-орыс сыныбына арналған/ – құрастырушы –автор Белгібаева А.М., «Контрольные работы по русскому языку» /для 5-6 классов казахской школы/ - автор-составитель Мазанова Б.Т.

 Мектебіміздің мұғалімдері аудандық сайыстарға, олимпиадаларға қатысып жүреді. Қаңтар айында филология ӘБ мұғалімдері аудандық мұғалімдер олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға иеленді. Олар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абылғазинова Қ.Ғ. 2-орын, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қапанова Г.Ж. 2-орын, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мазанова Б.Т. 3-орын,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Белгібаева А.М. 2-орын.

 Сонымен қатар мектебімізде жас мамандармен де жұмыс ұйымдастырылды. 4-8 мамырда мектебімізде жас мамандар апталығы өткізілді. Түсіпов Ж.С., Байханова Л.А., Түсіпова Б.Е., Баев А.Қ., Оспанов А.Е. ашық сабақтар өткізді. Сабақтары жақсы, тартымды өтті. Байханова Л.А. өз сабағын Жамбыл мектебінде өткен семинарда көрсетті. Сабақ барысында мұғалім интербелсенді тақтаны ұтымды пайдаланды. Мұғалім сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын шеберлікпен қолдана білді.

Биылғы оқу жылында бейіндік жағынан жаратылыстану-математикалық бағытты одан әрі жалғастырмақ. Осы орайда 10 қазақ сыныбында географиялық-экологиялық бейін бойынша үш қолданбалы курс оқытылуда. Атап айтқанда, «Картография негіздері», «Қазақстанның геоэкологиясы», «Зоогеография». Ал 11 қазақ сыныбында физика-технологиялық бейін бойынша «Қазақстанның энергетикасы», «Эксперименталды есептерді шығару», «Әсерлі есептер» атты қолданбалы курстар оқытылуда. Тереңдетіп оқыту бағытында 7 қазақ сыныбында ағылшын тілінен, 9 қазақ сыныбында қазақ тілі мен әдебиетінен кезінде бастау алған жұмыс одан әрі жалғасын тауып отырса, бұлардың қатарын биылғы оқу жылынан бастап 8 қазақ сыныбындағы физика толықтырды.[1]



[1] Орындушы: Ибраһим Б.К., МДОТІО, 30-3-45, beskaragaymektebi@rambler.ru, www.shakhibbeker.ucoz.kz

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/10/2009)
Просмотров: 6957 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.3/3
Всего комментариев: 1
1 Серiк  
0
20 карагай боренеден буылган салдын котерушi кушiн аныктандар. Карагайдын тыгыздыгы-5,1¤10куб кг/м куб, судыкi-10куб кг/м куб, бiр борененiн колемi 0,5 м куб. Шыгарып берiндершi

Имя *:
Email *:
Код *: