Бәрін айт та, бірін айт
Халқымыздың сан ғасырлар тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі. Соның ішінде психология пәнІнІң бір тармағы этика осынау психологияның өзегі, адамгершіліктің бірегейі, қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы. Этиканы білген әрбір қоғам мүшесі өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас ішкі болмысын танып білуге, онымен санасып отыруға және айналасымен дұрыс қарым-қатынаста болуына зор мүмкіндігі бар жан ретінде танылады. Демек этикадан хабары бар адам өзін-өзі түсіне біледі, ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін таразыға сала біледі, этика адамның өзін-өзі тәрбиелеу, өз мінез-құлқын түзеу, өзіндік мінез, қабілет, икемділік, бейімділіктерін дамыта түсуге мүмкіндк береді. Ал енді оқушы мен мұғалімнің қарым- қатынасындағы педагогикалық этикаға келетін болсақ, мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші , баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Педагогикалық этикет бойынша, мұғалім өз пәнін , өз жұмысын терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмыста алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды. Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастар алуан түрлі болып келеді. Сондықтан мұғалім оқушыға қатынасын әр уақытта да өзгертіп отыруы тиіс. Бір жағдайға қатаң талап қоюы, екінші бір жағдайда тілек өтініш ретінде болып келуі, үшінші бір жағдайда сендіру мен көз жеткізу ,мойындату, төртінші бір жағдайда түсіндіру, жәрдемдесу, қамқорлық жасауы, алтыншы бір жағдайда ұялту, бетіне басу не, қажетінше, ұрсу керек болатын жағдайлар кездессе, жетінші бір жағдайда мақтау немесе жазалау жұмысына ұласады. Мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Сол сияқты мұғалім оқушының ата-анасы, туыстарымен нашар қарым-қатынасының, өкпе-аразының есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық этикетке жатпайды. Оқушының әлсіздігіне, тіл алмауына, кейде мұғалімге қарсы келуіне немесе сыйламау әдетіне өшігіп оқушыдан кек алу, жек көру әдетінен де аулақ болуымыз керек. Кейбір ұстаздар тарапынан оқушының тәртіпсіздігінің есесін үлгерім бағасына ауыстыру әдеті де кездесіп қалады. Бұл әдеттің тиімсіздігі педагогикалық этикетке қайшы келуі тұрмақ, оқушыны өшіктіріп, қырсықтырып, мұғалімге қарсы қоюға, сыйламаушылыққа әкеліп соқтыратынын аңғармаймыз. Мұғалім, біріншіден, өте әділетті, шыншыл болуы тиіс. Педагог шәкіртіне өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы керек. Бұл жерде біз Л. Толстойдың «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол шын мәніндегі мұғалім болғаны» деген сөздерді есімізге салғанды жөн дейміз. Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді, сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы А.П.Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге өте лайықты. Сондай-ақ Ы.Алтынсариннің «Оқушы сабақты білмей қалса оған ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің керек» деген өсиетін де есте сақтаған артықтық етпейді. Оқушы әрқашан сенің айнаң іспеттес. Сол оқушының алдындағы қадір-қасиетіңді жойып алмас үшін мұғалімнің бой-басы жинақы, көрікті, киген киімдері қарапайым, тап-таза, бойына лайық, шақ, сәнді болуы керек. А.П. Чеховтың «Адамда барлық нәрсе, жүзі де, киімі де, жаны да , ойы да, көркем болуы тиіс» деген ұлағатты сөзі ұстаздарға айтылған сияқты. Кейде мұғалімдер арасында оқушы кінәлі болып қалғанда, жазалай бергеннен гөрі оқушының жақсы қылықтарын да ескерусіз қалдырмай, оны дәріптеп, көтермелеп отыру мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. Мұны да сатылап, орынды пайдалана білу маңызды жұмыс. Атап айтқанда құптау, ырзалық білдіру, рахмет айту, сенім білдіру, дәріптеп отыру, мақтау, үлгі тұту, сыйлық беріп көтермелеулер жатады. Кейде оқушы сабақ үстінде тәртіп бұзып кінәлі болып қалады делік, оны сабақ үстінде тұрғызып қою, не далаға шығарып жіберу, не мұғалімнің сабағын жалғастырмай қалуы, болмаса тыңдамаған баланы әкімшілікке сүйреу мұғалімнің оқушы алдындағы қадір-қасиетін кемітеді. Мұғалім әр уақытта ең жоғары дәрежелі маманның бірі екенін естен шығармау керек. Тағы бір айта кететін жай, сынып жетекшілер өз сыныбындағы балаларды «Әй, Мыңжасаров, Әй, Қалдыбаев» деп фамилиясымен айтқанда көбінде мынадай ой туады: неге сол балаларды есімімен атамасқа. Жоқ әлде мұғалімнің этикетіне сай емес дей ме?! Жоқ әлде қарапайым жылы лебізден баланы төбемізге шығарып аламыз дей ме екен?! Өскелең өсіп келе жатқан біздің балаларға жылы сөздің артықтығы болмайды. Педагог бала үшін жақсы да үлгілі өнеге беруі тиіс. Мейірімі мол адамның келбетінің өзі кез келген оқушыға еріксіз бас идіреді, оған шабыт бере отырып, батылдық, адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық және игілік арқалаған ұлағатты нәрселерімен еліктіре түседі. Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды. Ал біз педагог болғандықтан біздің білім, тәрбие беріп отырған оқушыларымыз саналы, тәрбиелі болып өссе деп тілейміз. Сол үшін ой-армандарымыздың орындалуына тілектеспіз. Сайып келгенде, ұлы педагог А.В. Луначарскийдің «Педагог- жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам» деген сөзін үмітті ту етелік те..
әзірлеген ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы htpp://www.shakhibbeker.ucoz.kz
| |
| |
Просмотров: 1783 | Комментарии: 5 | |
Всего комментариев: 0 | |