ҚОСЖҰЛДЫЗ Анда-санда қойға айтақтап қойып, жастар ойын-сауықпен түннің бірталайын өткізеді. - Ей, Ай батты ғой, енді таңға қанша қалды? - Пәлі-ай, әлі Үркер де туған жоқ. Таң Үркер туған соң бірталайдан соң атады. - Әне, Қосжұлдыз туыпты, енді кешікпей Үркер де туады. Ертедегі жұлдыз бақылаушылар Күн жолындағы он екі шоқжұлдыздың біреуін Тоқты (Қошқар) деп атады. Тоқты шоқжұлдызына Күн сәуір айында, яғни көк шығып, мал тырақайлап жайыла бастағанда келіп кіретін болғандықтан ол осылай деп аталды. Тоқты ең жұлдызға кедей шоқжұлдыздың бірі. Мұнда небары екі ғана жарық жұлдыз бар. Осы Тоқтыдағы 2,2 және 2,7 жұлдыздық шамада бірдей дерлік жұлдыздар. Және өздері көкжиектің дәл Үркер туатын жерінен қатарласып туады да, егіз қозыдай қос сияқты болып, бірден көзге түседі. Міне, сондықтан қазақ халқы ол екеуін Үркердің Қосжұлдызы не Үркердің Босағасы деп атайды. Қосжұлдыз Үркердің алдын ала туып отыратын оның хабаршысы. Мал соңында жүрендер Қосжұлдыз туралы былай дейді: - Қосжұлдыз аса жарық емес, солғындау. Бұл жылтылдаған екі кішірек жұлдыз – Үркердің екі босағасы. Ол күншығыстан Үркердің алдынан екі сағаттай бұрын туады. Үркер осңын соңымен жүреді. Осы Үркердің босағасы, ал төрт Босаға одан басқа. Әуелі Аймен екі Босаға, сонан соң Үркер тоғайды. - Қосжұлдыздың екі арасы онша қашық болмайды. Таразының екі шеткі жұлдызының арасындай. Қосжұлдыз оқ бойы көтерілген соң Үркер туады. Бұрын Қосжұлдызды Үркердің оғы деуші еді. Қосжұлдыз оңтүстікке қарай қиястау жүреді. Сонда Үркер көкжиектен шығарында одан терістіктен туады. - Қосжұлдыз Үркердің алдында арқан бойы ілгері жүреді. Қосзұлдыз туып отырғанда бір жұмадай Үркер көрінбейді. Қосжұлдыз көтеріліп қалыпты, енді Үркер туады дейміз. Жұлдыздардың бәрін ел малдың қамыш үшін белгілеп алған дейді. Осы айтылғандардың бәрі де Тоқты шоқжұлдызын дәлме-дәл сипаттайтын дәйекті сөздер. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 7 | |
| Всего комментариев: 0 | |
