Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

881 >>

Қиғаш қас, жазық маңдай, алтын бұрым,

Жұқа ерін, оймақ ауыз, пісте мұрын,

Керме иық, меруерт тісті, болат кірпік,

Осындай болса деп ем қыздың түрін.

 

882 >>

Айқайым қауылыңа, қауылыңа,

Жол шығар жалғыз аяқ ауылыңа,

Шынымен менде көңілің болса, құрбым,

Тартып ал әңгелектей бауырыңа.

 

883 >>

О, қыздар, қуаң қарға қуаң қарға,

Қонады қуаң қарға дуалдарға,

Ауылыңа ерте барсам кеш қайтамын,

Басымды айналдырған дуаң бар ма!  

 

884 >>

Қонғаны ауылымның тастақ төбе,

Бір сәлем сағынғаннан айттым неге,

Біге өскен кішкентайдан, беу, қарағым,

Жүргені өзімсініп қандай неме.

 

885 >>

Салдықпенен салмаймын балағымды,

Қарлықтырды салған ән тамағымды,

Көрмегелі көп айдың жүзі болды,

Қарақат көз сағындым қарағымды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/09/2026)
Просмотров: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: