ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ 876 >> Не қалды қарағайда, қамыс қалды, Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Ауылыңа алыс қалған қараймын деп, Қайырылып қаршығадай мойным талды.
877 >> Астымда сұр желгенше беске келген, Қызығы жылқы жиып кеште келген, Сәулем-ау, көңілім қош сүттен аппақ, Сұршамды перде қылып күттім белден.
878 >> Шіркін-ай, сүйген сәулем, сүйген сәулем, Бір өсіп кішкентайдан жүрген сәулем, Асыр сап алтыбақан ойнағанда, Жымиып әзіл сөзбен күлген сәулем.
879 >> Ұшып жүрген аспанда сен бір ұзақ, Түсеме деп жолыңа қойдым тұзақ, Ынтызар боп артыңнан қарап қалдым, Тұзағыма түспестен кеттің ұзап.
880 >> Мойны ұзын, төмен иек, жауырыны жазық, Оқтаудай қос бұрымы, белі нәзік, Бұрылып қарағанда буынды алса, Таба алмай сондай қызды жүрмін неғып. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 1 | |
| Всего комментариев: 0 | |
