Қара өлең көкжиегі

ҒАШЫҚТЫҚ СҰЛУЛЫҚТЫ ТАЛҒАМАЙДЫ

871 >>

Шалғынды құс қонады айдын көлге,

Мен жүрмін ынтық болып бұраң белге,

Есіме сен түскенде, беу, қарағым,

Көзімнен үйрек жүзер аққан селге.

 

872 >>

Айт дегенде айтайын әри-айдай,

Көп торыдым ауылыңды жарым айдай,

Адал ниет, шын көңілің менде болса,

Ерітейін ішіңді сары майдай.

 

873 >>

Асуын бұл Қобданың асып келдім,

Жайқалтып жапырағын басып келдім,

Кез болған қиуада қимас қалқам,

Өлеңге атыңды атап қосып келдім.  

 

874 >>

Тері тон су тиген соң қаудыраған,

Етекке таудың тасы саудыраған,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Көзіңнен айналайын жаудыраған.

 

875 >>

Сен еді, сенсең еді, сенсең еді,

Шын айтпай, жалған айтсаң, кім сенеді,

Жүректі елжіреген ренжітсең,

Өн бойым бос ағаштай теңселеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/09/2026)
Просмотров: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: